Сіз сайлау учаскесіне келіп, таңғы сағат 4-ден кешкі 19-ға дейін дауыс бере аласыз.

Әр адам өзі үшін ғана дауыс береді. Басқа адамдар үшін дауыс беруге немесе біреудің өтініші бойынша сол адам үшін дауыс беруге болмайды.

Дауыс беруге арналған бюллетеньді тек қана сайлау учаскесінде, учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері береді.

Дауыс беруге келгенде, міндетті түрде, өзіңіздің қазақстанның азаматы екендігіңізді дәлелдейтін жеке куәлігіңізді немесе паспортыңызды ала келіңіз, ондай құжаттар болмаған жағдайда, Сізге бюллетень берілмейді.

Сіз бюллетень алғаныңыз туралы қол қоясыз.

Сіз бюллетеньді алғаннан соң, жасырын дауыс беру кабинасына кіресіз. Кабинаның іщінде бюллетеньдегі өзіңіз қолдап, дауыс беретін кандидаттың фамилиясының не саяси партияның атының тұсына белгі қоясыз.

Дауыс беру кезінде кабинада Сізден басқа ешкімнің болмауы керек. Егер бюллетеньді өзіңіз толтыра аламсаңыз, басқа бір таныс сайлаушыдан көмек сұрай аласыз. Бірақ бұл жөнінде комиссия мүшелерін хабардар етіңіз, себебі Сізге көмектескен адамның аты- жөнінің тіркелуі шарт. Сізге бюллетеньді толтыруға төмендегі адамдар көмектесе алмайды:

Сайлау күні жергілікті сағат 4-ден дейін.

Сіздің сайлау күні сайлау учаскесіне бара алмайтын жағдай туа қалғанда, үйден дауыс беру құқығыңыздың бар екендігіңізді ұмытпаңыз.

Төмендегі жағдайлар үйден дауыс беруге негіз бола алады:

Үйден дауыс беру үшін, сайлау күні сағат 12-ге дейін өзіңіздің өтінішіңізді учаскелік сайлау комиссиясына беріп жіберуіңіз керек. Өтінішті таныс адамдар (отбасы мүшелері, көршілер, т.б.) арқылы беріп жіберуге болады. Өтініште Сіздің аты-жөніңіз, туған күніңіз, жеке куәлігіңіздің не паспортыңыздың нөмірі, мекен-жайыңыз және сайлау учаскесіне келе алмауыңыздың себебі көрсетіледі. Сонда ғана сайлау комиссиясының мүшелері Сіздің үйіңізге келіп, сізге бюллетень беріп, дауыс беруге мүмкіндік туғызады.

Үйден дауыс берген уақытта та дауыс беру құпиясы сақталады және Сіз тек өзіңіз үшін дауыс бересіз.

Сайлаушылар тізімінен өзіңізді іздеу.

Ол үшін поштаға өзіңіздің аты-жөніңізді, туған күніңізді және жеке куәлігіңіздің нөмірін жібересіз.

Сонымен қатар жергілікті әкімшілікке телефон соғып та, қай учаскеге тіркелгеніңіз жөніндегі ақпаратты ала аласыз.

Өзіңіздің Сайлаушылар тізіміне енгендігіңізді қалай біле аласыз.

Сайлаушылар тізімі учаскелік сайлау комиссиясында болады.

Сіздің дауыс беруден он бес күн бұрын, 2016 жылдың 4-i наурыздан 18.00-іне дейін өзіңіз туралы мәліметті тексеруге құқыңыз бар.

Ол үшін жеке куәлігіңізді алып, учаскеге келуіңіз керек.

Учаскелік сайлау комиссиясы учаске орналасқан ғимараттың ішінде болады. Сайлау учаскесі мектептің бір бөлмесіне орналасуы да мүмкін. uchastok
Жеке куәлігіңізді көрсетіп, тіркелген мекен-жайыңызды туралы мәлімет беріңіз де, сайлаушылар тізімін сұраңыз.
Өзіңіз туралы мәліметтің дұрыстығын жақсылап тексеріңіз. Мүмкіндік болса, отбасыңыздың барлық мүшесі тізімде бар ма, сол жағына көңіл бөліңіз. Егер Сіз тізімге кірмей қалсаңыз, немесе тағы басқа да қателіктер көзіңізге іліксе, міндетті түрде, тізімге енгізуді немесе тізімге өзгеріс енгізуді талап ететін өтініш жазыңыз.
Бұндай жағдайда Сізге үй кітапшасы мен мекен-жайыңыз туралы анықтама қажет болады.

Сіздің өтінішіңізді сайлау комиссиясы өтініш түскен күні қарауға міндетті.

Егер сайлау комиссиясы Сіздің өтінішіңізді қанағаттандырудан бас тартса, оның нақты себептерін көрсеткен жауапты қолма-қол беруге міндетті

Бұндай жағдайда Сіз сайлау комиссиясының сіздің өтінішіңізді қанағаттандырудан бас тартқаны туралы жауабын сайлау учаскесі орналасқан аудандағы сотқа беріп, шағымдана аласыз. Сот Сіздің арызыңызды шағым түскен күні қарауға міндетті.

Сіз дауыс беретін сайлау учаскесі қай жерде орналасқан.

Егер Сіз мекен-жайыңызды өзгертсеңіз немесе сайлауға алғаш рет қатысқалы тұрсаңыз және өзіңіз дауыс беретін сайлау учаскесінің қай жерде орналасқанын білмесеңіз, оның қай жерде екенін білудің түрлі жолы бар.

Өзіңізбен бірге тұратын туыстарыңыз бен көршілеріңізден сұраңыз
Жақын жерде орналасқан мемлекеттік мекемелерге, мысалы, мектепке кіріп, сұрастырыңыз.
Жергілікті (қалалық, аудандық) аумақтық сайлау комиссиясына бен акиматке телефон соғыңыз.

Егер Сіз дауыс беретін күні басқа елді мекенде болатын болсаңыз

Бұндай жағдайда Сіз 04.03-19.03 18.00-іне дейін өзіңіздің учаскелік комиссиясыңыздан басқа жерде дауыс беруге рұқсат беретін есептен шығару куәлігін ала аласыз. Ол үшін жеке куәлігіңізді көрсетуіңіз керек.

Есептен шығару куәлігін алғаннан кейін, дауыс берушілер тізіміндегі Сіздің фамилияңыздың тұсына Сізге есептен шығару куәлігі берілгені туралы белгі қойылғандығына көз жеткізіңіз.

Дауыс беретін күні Сіз өзіңіз тұратын жерге жақын орналасқан сайлау учаскесіне келіп, жеке куәлігіңіз бен есептен шығару куәлігін көрсетіп дауыс бересіз.

Сайлауға кімдер қатысады.

Парламент мәжілісі депутаттарын сайлау партиялық тізімнің негізінде прапорциялық жүйемен жүргізіледі. Демек, Сіз дауыс беру бюллетенінде саяси партиялардың аттарын көресіз.

>Сайлауға қатысатын әрбір саяси партия депутаттыққа ұсынылған өз өкілдерінің тізімін жасайды және оны Орталық Сайлау Комиссиясына тіркейді

Бұл сайлауға төмендегі партиялар қатысады:

Ақ Жол
Ауыл
Бiрлiк
ҚКХП
Нұр Отан
БСДП

Сіз партиялардың тізімі мен олардың бағдарламалары жөнінде кеңірек мағлұматы сол партиялардың веб-сайтынан ала аласыз.

Сіз партиялардың өкілдерімен кездесуге қатыса аласыз